424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Блок-бекеттегі апат: Алматыда экс-полицейге қатысты сот отырысы кейінге шегерілді

  • 180
  • UPD: 21:27, 07.09.2020
Блок-бекеттегі апат: Алматыда экс-полицейге қатысты сот отырысы кейінге шегерілді

Алматы облысында блокбекетті бұзып өтіп, тәртіп сақшыларын қаққан экс-полицей Азат Азаматовқа қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ бастала салысымен кейінге қалдырылды. Өйткені істі онлайн қарауға техникалық мүмкіндік болмаған. Қарасай ауданының судьясы Мәди Көшікбаевтың айтуынша, тергеу изоляторындағы жалғыз компьютер видеоконференцияға қосылмай қойған. Осылайша отырыс 15 қыркүйекке шегерілді. Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі келесі отырыс «офлайн» түрде өтетінін хабарлады. Себебі қос тарапта қылмыстық іс сот залында қаралсын деп өтініш берген. Естеріңізге сала кетейік, оқиға 25 мамыр күні карантин кезінде Алматы қаласы мен облыс шекарасындағы Көксай шағын ауданында болған еді. Таңға жуық экс-полицей Азат Азаматов жеке көлігімен блок-бекетті соғып, салдарынан екі инспектор қаза болған еді. Үшіншісі ауыр жарақат алған.

Хабар 24 телеарнасы