424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысындағы бірнеше ауылдың оқушылары сабақты үйдің төбесіне шығып оқуға мәжбүр

  • 197
Атырау облысындағы бірнеше ауылдың оқушылары сабақты үйдің төбесіне шығып оқуға мәжбүр

Ескене, Таскескен ауылдарының оқушылары күніне бірнеше сағат үйдің төбесінде отыруға мәжбүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені, Атырау облысындағы Мақат ауданына қарасты бұл ауылдарда интернет байланысы өте нашар. Ал білім алу үшін қашықтан оқу керек. Ауыл тұрғындары жаңа оқу жылында осы бір өзекті мәселені елемеген жергілікті биліктің бейқамдығына наразы. Ескенеде 22, Таскескен ауылында 6, №441 разъезде 2 оқушы тұрады. Бұл ауылдардағы ұялы байланыстың жылдамдығын арттыру үшін жауаптылар «Қазақтелекоммен» келісім жасасқан. Бірақ кейін олар бұл ауылдар шалғай әрі ондағы халық саны аз болғандықтан, тиімсіз деп бас тартыпты.

Серік Тұрланов, Ескене ауылының тұрғыны:

– Бізде интернет мәселесі алаңдатады. Интернет жоқтың қасы деуге болады, ұстамайды. Бұрын аздап билайн ұстайтын еді. Осы күні ол да ұстамай қалды. 2 жиенім бар, көршілерімде кем дегенде 3-4 баладан оқиды. Теміржолдың осы бетінде 14 үй тұрады. Бұрын Доссор интернетта оқитын еді. Енді олармен байланыс та жоқ, оқу да жоқ, сабақ та жоқ. Сондай жағдай.

Хабар 24 телеарнасы