429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қай өңірлерде әуе қатынасының құны арзандады

  • 363
  • UPD: 10:17, 08.09.2020
Қай өңірлерде әуе қатынасының құны арзандады

2020 жылғы қаңтар-шілде айларында әуекомпаниялары 2,6 млн адамды тасымалдады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 43,1% аз.

Шілде айында әуекомпаниялары қызметтерінің бағасы былтырғы шілдемен салыстырғанда 19% төмендеді, деп хабарлады energyprom.kz.

Бағаның анағұрлым төмендеуі Шымкентте (51,3%), астанада (46,4%) және Ақтөбе облысында (37,2%) байқалды.

Төрт облыста баға өзгеріссіз қалды: Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

Тағы екі өңірде әуекомпанияларының қызметтері қымбаттаған: Атырау облысында бірден 18,5%, Қостанай облысында – 4,3%.

Хабар 24 телеарнасы