Еліміздің бірнеше өңірінде жауын-шашынның түсуі рекордтық деңгейге жеткен
- 570
- UPD: 14:07, 08.09.2020

Еліміздегі жауын-шашын мөлшері 20 жыл бұрынғы рекордты жаңғыртты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Синоптиктердің хабарлауынша, тамыз айында солтүстік-батыс, батыс және оңтүстік өңірлерде 4 есеге дейін шамадан артық жаңбыр жауыпты. Атап айтқанда, Ақтауда 6 тамызда 66 миллиметр жауын жауған. Бұл айлық шамадан 11 есе көп. Өңір тарихында мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған.
Ал Қызылорда облысында 1 тамызда айлық мөлшерден 8 есе көп жауын жауды. Шиелі метеобекеті үшін бұл рекордтық көрсеткіш. Түркістан облысында да 26 тамызда жауын-шашын мөлшері 15 мм-ді құрады.