420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда тұмауға қарсы екпе салу басталды

  • 105
Нұр-Сұлтанда тұмауға қарсы екпе салу басталды

Биыл жедел респираторлы вирустық инфекциялар мен тұмау коронавирусқа ұласуы мүмкін.

Осыған байланысты дәрігерлер алдын ала денсаулыққа мән беру қажеттігін ескертеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Елорда тұрғындары тұмауға қарсы екпе ала алады. Ол үшін емделуші өзі тіркелген емханаға жүгінуі керек.

«Тұмаудың алдын алудың негізгі әдісі – антиденелерді қалыптастыратын вакцина. Денедегі қорғаныс агенттері вирустарды өлтіреді және жояды. Бұл әдіс алдын ала қолданылуы керек. Сондықтан Нұр-Сұлтанда 4 қыркүйектен бастап ресейлік вакцина пайда болды. Біз ЖРВИ мен тұмау өршігенге дейін бұл препаратты уақытылы алуға кеңес береміз. 0,5 шприцке құйылған дайын екпе иықтағы бұлшықетке салынады», – деп атап өтті №10 қалалық емхананың жоғары санатты дәрігер-педиатры Жанкүміс Шайхислямова.

Вакцинаны тіпті алты айлық балаларға да қолдануға болады. Препаратты тауықтың ақуызына аллергиясы бар адамдарға ғана рұқсат етілмеген.

Маска тағу арқылы респираторлы вирустық аурулардың алдын алуға болатыны белгілі. Бұл жағдайда оны ауру да, сау да кию керек. Үй-жайларды, әлеуметтік мекемелерді, кеңселерді жиі желдетіп отырған жөн.

«Сондай-ақ қолыңызды сабынмен жиі жуып, дезинфекциялық ерітінділер қолдануды ұсынамын. Қолды жуу тек ішек инфекцияларынан ғана емес, сонымен қатар вирустық инфекциялар мен тұмаудан да қорғайды. Мұрын қуысын әлсіз тұзды ерітіндімен жуу да көмектеседі. Кейде майлы эмульсиялар қолданылады. Мысалы, оксолин майы да ағзаға вирустың таралмауына ықпал етеді. Вирус ауыз бен мұрынның шырышты қабаттары арқылы енетін болғандықтан, оларды жиі шайып тұру керек», – деп түсіндірді дәрігер.

Дәрігерлер ағзаны нығайту үшін халықтық әдістер де көмектесетінін айтады. Сонымен біргемультидәрумендер қабылдап, дұрыс тамақтану да маңызды.

 

 

Хабар 24 телеарнасы