420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда сегіз айда тіркелген қылмыс 35%-ке азайды

  • 106
  • UPD: 15:13, 08.09.2020
Қазақстанда сегіз айда тіркелген қылмыс 35%-ке азайды

Елімізде өткен 8 айда тіркелген қылмыс былтырмен салыстырғанда 35%-ке азайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов осылай деді. Қаңтар мен тамыз айларының арасында ұрлық 52%, тонау 50%, бұзақылық 46%-ке төмендеген. Марат Ахметжановтың айтуынша, заңнамаға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер елдегі құқықтық тәртіпті нығайтып, қылмыстық ахуалдың жақсаруына ықпал еткен.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас Прокурорының орынбасары:

- Былтырғы жолдауға сәйкес аса қауіпті, адам өмірі мен денсаулығына қарсы қасақана қылмыстар үшін жаза күшейтілді. Атап айтсақ, адам өлтіру, зорлау, педофилдер, экстремистер, кәнігі ұрылар, браконьерлер, есірткі үшін жаза өсті. Бұл өзгерістер желтоқсанда Парламент қабылдаған заңда орын тапты.

Хабар 24 телеарнасы