420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада жаңа муралдар пайда болды

  • 108
  • UPD: 15:26, 08.09.2020
Елордада жаңа муралдар пайда болды

Амангелді Иманов және Александр Пушкин көшелерінің қиылысындағы көпір астында қазақтан шыққан баскетболшы, Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедов пен белгілі теннисші Зарина Дияс суреттері бейнеленген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар шетелдік спорт жұлдыздарының да муралдары үйлесім тапқан. Осылайша, Байқоңыр ауданында жыл басынан бері барлығы 8 мурал салынды. «Жергілікті тұрғындарға, әсіресе, жастарға ұнап жатыр», - дейді аудан әкімінің орынбасары Ерлан Жаулыбаев.

Ерлан Жаулыбаев, Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары:

Негізі бұл ағымдағы жөндеуге жатады. Осы көпірдің асты бұрын бос тұрған. Қала әкімінің тапсырмасымен қазір осы жерде балаларға ойнау үшін әр түрлі спорт түрлерінен алаңдар салынып жатыр. Арғы бетте үстел теннисі, мына жақта баскетбол алаңы. Жастарды қызықтырып жүрген стритбол ойындарына бөлініп, арнайы дайындалып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы