428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақауы бар ұшаққа отырудан бас тартқан жолаушыларға билет құны қайтарылмайды

  • 272
  • UPD: 18:00, 08.09.2020
Ақауы бар ұшаққа отырудан бас тартқан жолаушыларға билет құны қайтарылмайды

Атырау әуежайына ұшақ апатты жағдайда қонды. Оқиға бүгін түнде болған. Жолаушылардың зәре-құтын қашырған бұл жайтқа қатысты FlyArystan әуе компаниясы түсініктеме берді.

Айтуларынша, Алматыға бет алған ұшақта 144 жолаушы және 6 экипаж мүшесі болған. Әуе кемесі көкке көтерілгенде желдету жүйесі істен шығыпты. Сондықтан ұшқыштар кері қайтуды құп көреді. Бірақ ұшақты тек 2 сағатта әрең қондыра алған. Мамандар ұшақтағы ақауды лезде жөндеп, қайтадан ұшуға жарамды деп тапса керек. Бірақ кейбір жолаушылар бұл ұшаққа отырудан бас тартыпты. Әуе компаниясы оларға билет ақшасы қайтарылмайды дейді.

Ләззат Нәбиева, FlyArystan әуе компаниясының PR-менеджері:

- Дабыл жүйесі іске қосылды. Өйткені ұшақтың желдеткіштері істен шыққан. Әуе кемесі – ол да техника. Арасында бұзылып тұрады. Мамандар тексеріп шығып, ақауды жөндеді. Қазір ол ұшақ пайдалануға жарамды.

 

Хабар 24 телеарнасы