421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайдағы қан орталығында небәрі бір күндік қор қалды

  • 101
  • UPD: 18:09, 08.09.2020

Қостанай облыстық қан орталығында бір күндік қана қор қалды. Мамандар осылай деп дабыл қағып отыр.

Соңғы айларда донорлардың келуі күрт азайған. Әрине оған негізгі себеп ковид індетінің етек жаюы. Өңірде жылына 10 мыңнан астам адам тұрақты түрде қан тапсырады. Қазір олардың қатары біршама азайған. Карантинге байланысты ұжымдық қан тапсыру да бұрынғыдай жүргізілмейді. Сондықтан орталық мамандары жеке адамдармен жұмыс істеуге мәжбүр. Қан жинау үшін олар аудан, қалаларға да жиі шығып тұрады.

Елена Иосипенко, облыстық қан орталығының директоры:

- Кеше көптеген медициналық мекемелерге, аудандарға қан тараттық. Санитарлық авиация да жұмыс істеді. Бүгін бізде екінші топты қан таусылуға таяды. Бірінші топ та бітуге жақын. Сондықтан біз әлеуметтік желіде қан тапшылығы туындағандығын жазып, сырқат жандарға көмектесуге жұртты шақырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы