420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-ның барлық құс фабрикасы карантинге жабылды

  • 102
  • UPD: 20:54, 08.09.2020

Әлем короновируспен күресіп жатқан кезде көршілес Ресей елінде құс тұмауы өршіді.

Осыған байланысты Солтүстік Қазақстан облысындағы барлық құс фабрикалары карантинге жабылды. Яғни кешендерге бөгде адамдардың кіруіне қатаң тиым салынды. Мұнымен қоса, ғимараттар күн сайын зарарсыздандырылады. Ал шекарада арнайы ветеринарлық бекеттер құрылды. Қазіргі таңда Омбы облысынан барлық құс өнімдерін әкелуге шектеу қойылып отыр. Және ол қашанға дейін созылатыны белгісіз. Ресейде шыққан қауіпті індеттің таралмауы үшін аймақтағы құстарға вакцияна салынып жатыр.

Александр Чесноков, құс фабрикасының технологы:

- Екпе қойылмаған құстарды арнайы вакцинациялаудан өткізудеміз. Барлық ветеринарлық талаптар сақтаулы. Егер бұрындары аталған шаруаларға жылына шамамен 5 миллион теңгедей қаржы жұмсасақ, қазір бұл сома шамамен үш есеге дейін өсті. Бұдан бөлек ғимаратпен фабрикадағы барлық жолдар формалин қоспасымен зарарсыздандырылады.

Хабар 24 телеарнасы