421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астаналықтардың тұмауға қарсы вакцинаға туралы пікірі екіге бөлінді

  • 127
  • UPD: 22:37, 08.09.2020

Елорда тұрғындары үшін тұмауға қарсы екпенің 110 мың мөлшері сатып алынды. Биыл індетке байланысты вакцинаның өзектілігі арта түсті. Тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялардың күз айында өршу қаупі басым. Сондықтан астаналықтар тұмауға қарсы вакцинаны тіркелген емханада алуы тиіс.

Тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялар елдегі эпидемиологиялық ахуалға кері әсерін тигізеді. Қазір халық вирустық ауруларды ажырата алмай қалып жатады. Тіпті елорда тұрғындары арасында жұқпалы аурудың алғашқы белгілері білінгенде дәрігерлердің көмегіне жүгінбейтіндер де көптеп кездеседі. 

- Витаминдер береміз. Шәй мен медпен, аскорбинкамен  иммунитетті көтереміз. Вакцинация, оны алу керек. Біз барлық вакцинаны алдық. Бәрі жақсы. Мен вакцинаға қарсы емеспін. 

- Дәрі витамин ішпеймін. өйткені оған организм үйренеді. Ауырсам шәй ішемін, ұйықтап тұрамын. Имммунитет адамның ағзасында өзінен өзі пайда болады. Мен вакцина керек емес деп ойлаймын. Ол да вирус.

- ЖРВИ  көбінесе балаларда болады деп ойлаймын. Ал тұмау тигенде мұрын бітіп, көз жасаурап. Ас содасымен тұзды суды араластырып, мұрынды ауызды шайып бастаймыз. Одан кейін дәрігерге барамыз. Балаларға көп витамин аламын. 

Әрине қысылтаяң уақытта дәрі-дәрмектің тапшылығы айқын сезілді. Бүгінде дәріханаларда дәрілердің қоры жеткілікті екен. 

Тамаша Түгел, фармацевт:

- Қазіргі уақытта авитаминоз дәрумендер жетіспейді. Дене қызуын түсіретін дәрілерді дәрігердің нұсқаулығынсыз беріп жатырмыз. Иммунитетті нығайту үшін витаминдер қажет. Қазіргі уақытта дәрілердің барлығы дәріханаларда қамтамасыз етілген. 

Мамандардың айтуынша, жұқпалы аурудан сақтанудың басты жолы вакциналау. Екпе тұмаудан сақтай отырып, коронавирустың ықтимал толқынының үдеуіне кері әсерін тигізеді. Инфекциялық ауруға 60 жастан асқан азаматтар, жиі ауыратын балалар, жүкті әйелдер тез шалдығады.

Анжела Ашихмина, терапевт:

- Жыл сайын тұмауға қарсы екпені егу қажет. Ал биыл коронавирус пен өзге вирустық ауру өршісе онда эпидемологиялық жағдай нашарлайды. Өйткені адам тұмаудың алдын алмаса, ол менингит тіпті өліп кетуі де мүмкін.  Сол себепті қырқүйек пен қазан айында міндетті түрде вакцинаны алған жөн. Егер өз бетінше дәрілер ішетін болсаңыз, ол 2-3 күн ғана әсер етеді. Ал тұмау коронавирусқа айналмайды. Себебі екеуі екі бөлек індет. Ал адам коронавирус жұқтырса, ол тұмаумен де ауруы мүмкін. 

7 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы екпе жергілікті мекен-жай бойынша тіркелген медициналық ұйымдарда жүргізіледі. Биыл елорда тұрғындары үшін 110 мың доза вакцина сатып алынды.

Наргиз Бекмағанбетова, Наурыз Базаров, Марат Диханбаев

Хабар 24 телеарнасы