421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда егін орағының науқаны аяқталуға жақын

  • 133
  • UPD: 22:24, 08.09.2020
Қазақстанда егін орағының науқаны аяқталуға жақын

Елімізде күзгі жиын-терім аяқталуға жақын қалды. Шаруалар егіннің 66 процентін қамбаға салып үлгерген.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

Айтуынша, осы күні Жамбыл облысында бидай жинау науқаны аяқталды. Ал Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында бітуге шақ қалды. Биыл 18 млн тонна астық жинау көзделіп отыр. Оның біраз бөлігі былтырғыдай өзге елдерге сатылады. Қазақ бидайын Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ауғанстан және Иранға экспорттау жоспарланған.  

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:

- Трейдерлер алдымен бағаның қандай болатынын күтеді. Ал баға егінді жинау кезінде бірақ бекиді. Басында трейдерлер тым белсенді емес еді. Ал қазір бидайға сұраныс артты. Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрлігі астық экспортына шектеу қоймайды. Әу баста жоспарланған 8 млн тонна бидайды шетке шығаруды жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы