420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда алаяқтар интернет арқылы құжаттың алуан түрін жасап беруді ұсынып отыр

  • 133
  • UPD: 23:20, 08.09.2020
Оралда алаяқтар интернет арқылы құжаттың алуан түрін жасап беруді ұсынып отыр

104 мың теңгеге жүргізуші куәлігін жасап ал! Сондай әдіспен әскери билетті де қалтаға бас. Құжаттарды курьердің көмегімен жақын жердегі пошта бөлімшесінен алуға еш кедергі жоқ.

Әлеуметтік желілерде осындай жарнамадан көз сүрінеді. Хабарлама таратушыларға сенемін деп, сан соғып қалғандар да аз емес. Осындай қызметті ұсынып делдал болып жүргендердің әрекеті қаншалықты заңды? Пысықайлар қажет құжаттарды құнттап қана қоймай электронды қолтаңбаны да алып береміз - дейді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан кезекті брондауға да қолғабыс ете алатынын алға тартады.

Қуат Ахметқалиев, қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бөлімше бастығы:

- Алаяқтарды айтып кеткен жағдайда олар бізге кері әсерін тигізуде. Сондықтан халыққа айта кететін жәйт оларға сенбей тек қана жергілікті басқару органдарына хабарласып немесе телефон шалып тиісті ақпарат алуға болады. Және де egov порталы арқылы тиісті құжаттарын жинақтап әскери билетке арыздарын жазып 10 жұмыс күні ішінде  әскери билеттерін ала алады. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында мониторинг өткізіп тұрады. Бірақ, алаяқтарды да, олардың қызметін пайдаланушыларды да табу оңайға түспей тұр.

Әлия Сәлиева, «Ақжайық адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы:

- Ол дейтін бәрі құқыққа қарсы қылмыс, мошенничество былайша айтқанда. Тіпті мына травмат қаруды бізде Қазақстанда рұқсат жоқ заң бойынша. Екіншіден, мына ақ билет дейді ғой, ол тіпті ондай дейтін болмайтын зат. Сондайларды 100 мыңға сатады деп әлеуметтік желілерде шығып жатыр. Біздің мақсатымыз мына халқымызға, облыс тұрғындарына жеткізу.

Хабар 24 телеарнасы