424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысы коронавирустың ықтимал екінші толқынына дайындалды

  • 185
  • UPD: 23:40, 08.09.2020

Қызылорда облысы қосымша 96 өкпені жасанды желдету аппаратын сатып алады. Сондай-ақ 4 флюро-, 4 стационарлы рентген құрылғысы жаңадан іске қосылады.

Жалпы індеттің болжамды екінші толқынына дайындық барысын аймаққа жұмыс сапарымен келген денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният пен сенатор Ақмарал Әлназарова бағамдады. Олар алдымен Жалағаш, Қармақшы аудандарында болып, эпидемияға қарсы шаралармен танысты. Мәселен, Жалағаштағы аудандық аурухана құрылысын тезірек аяқтау бүгінде өзекті болып тұр. Өйткені індет тағы өршитін болса, науқастарды емдеу мәселесі туындауы ықтимал. Вице-министр Қызылорда қаласындағы №3 емханадағы патронаждық қызметпен да танысты.

Хабар 24 телеарнасы