426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда жеке сектордағы үйлер құрылыс салдарынан құлап жатыр

  • 132
  • UPD: 15:18, 09.09.2020
Петропавлда жеке сектордағы үйлер құрылыс салдарынан құлап жатыр

Петропавлда жеке секторда тұратын 10 шақты үй әлі күнге қысқа қамданбаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның үстіне халық құрылыс жұмыстарын да жүргізе алмай отыр. Себебі рұқсат жоқ. Ал әкімдіктегілердің олардың баспаналары сүріледі деп уәде еткендеріне осымен үш жыл болған. Жауаптыларға сенген халық биыл бау-бақша да екпеген. Ал осы маңда жүргізіліп жатқан көпқабатты тұрғын үйдің құрылысынан олардың баспаналары қирап жатыр. Мұнымен қоса жаңа пәтерге қашан көшетіндері әлі белгісіз.

Светлана Ус, қала тұрғыны:

– Осымен үшінші мәрте құжаттарымызды өткізіп жатырмыз. Көктемде пәтер іздей беріңдер, биыл көшіреміз деді. Енді қыс жақындағанда басқаша сөйлеп отыр. Халық алдағы қысқа еш дайын емес. Қора-қопсы салуға да рұқсат жоқ. Не істерімізді білмей далмыз.

Асқар Хабибулин, қала әкімінің орынбасары:

– Бұл тұрғындарға үй беру үшін конкурс енді басталды. Әзірге ол қашан аяқталатынын айту қиын. Оларға баспаналарына сай қаражат беріледі не болмаса пәтер алу ұсынылады. Ал тұрғындарды биылдан қалмай көшіреміз деген жалған ақпар.

Хабар 24 телеарнасы