426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ТЖД өкілдері тұрғын үйлерде улы газды анықтайтын 135 дабылқаққыш орнатты

  • 121
ТЖД өкілдері тұрғын үйлерде улы газды анықтайтын 135 дабылқаққыш орнатты

Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

2020-2021 жылдары жылыту маусымына дайындық аясында жеке тұрғын үй секторында алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Департамент өрттің алдын алу шараларын жүргізіп, аулаларды аралап, рейдтерге шығып, үгіт-насихат жұмыстарын күшейтеді. Аралау барысында пештер мен түтіндіктерді, электр жылытқыштардың орнатылуына аса мән беріледі. Үй иелеріне пештер мен түтін мұржаларын орнатуда ақау болса, оны түзету туралы ұсыныстар айтады, өртке қарсы тақырыптағы жадынамалар тапсырылады. Қала аумағы бойынша 22 633 жеке тұрғын үй және 10 611 саяжай есепке алынған.

«Биыл 15 тамызда өрт қауіпсіздігі кезеңі басталғалы алдын алу жұмыстарымен 4095 жеке тұрғын үй мен саяжай қамтылып, 6699 адамға түсіндірме жұмыстары өткізілді. Улы газды анықтайтын 135 дабылқаққыш орнатылды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда», – деп атап өтті департамент өкілдері.

Сонымен қатар мамандар азаматтарға алдағы жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ескертеді.

«Ақауы бар розеткаларды, басқа да электротұрақтылық заттарын қолданбаңыздар. От жанып тұрған пешті қараусыз қалдырмаңыздар. Өрт қауіпсіздігі шарттарына сәйкес келмейтін пештерді қолданбаңыздар. Оған салғырт қарау қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін», – дейді мамандар.

Статистикаға сәйкес үстіміздегі жылдың өткен мерзімінде қала бойынша 362 өрт болды. Олардың басым бөлігі тұрғын үй секторында орын алған.

Хабар 24 телеарнасы