420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде тұмауға қарсы екпе салу науқаны жүріп жатыр

  • 107
  • UPD: 14:53, 09.09.2020
Елімізде тұмауға қарсы екпе салу науқаны жүріп жатыр

Елімізде тұмауға қарсы екпе салу науқаны жылдағыдан ерте басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елордадағы №6 қалалық емханада бұл бағыттағы жұмыстар қызу жүріп жатыр. Мұнда Ресейде өндірілген вакцинаның 7 мың 200 дозасы жеткізілді. Оның 3 мың 500-і ересектерге арналса, 3 мың 200 доза балалар үшін. Қазірдің өзінде 2 мың доза вакцина салынды. Айта кетейік, науқан ай соңына дейін жалғасады.

Азамат Байбалаев, қалалық емхананың бөлім меңгерушісі:

– Тұмауға қарсы екпе жоғары қауіп-қатер тобына жататын пациенттерге салынады. Ол топқа мектеп жасындағы және мектепге дейінгі балалар, созылмалы ауруы бар және диспансерлік тіркеуде тұрғандар, жүкті әйелдер, медицина қызметкерлері жатады. Сонымен қатар 60 жастан асқан азаматтарға екпе тегін салынады.

Хабар 24 телеарнасы