420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ел аумағынан шығуы тиіс шетелдіктерге жаңа талап қойылады

  • 145
  • UPD: 14:07, 09.09.2020
Ел аумағынан шығуы тиіс шетелдіктерге жаңа талап қойылады

Қазақстанда жүріп-тұруына тыйым салынған шетел азаматтары 30 күн ішінде ел аумағынан шығуы тиіс.

Бүгін Мәжілісте миграциялық ереже бұзғандарға қатысты осындай талап қою мәселесі қаралды. «Қазақстан аумағынан шығарылуы тиіс азаматтарды ұстау» жөніндегі жаңа заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Депутат Василий Олейниктің айтуынша, соңғы 2 жылда 25 мың 500 шетел азаматына Қазақстан аумағынан шығу жөнінде талап қойылды. Алайда соның 2 мыңы сот шешімін орындамай жүре берген. Тіпті шекті мерзімнің жоқтығы олардың заңға қайшы әрекеттер жасауына түрткі болды. Шетелдіктердің қолымен 220 мың әкімшілік және 4 мың қылмыстық іс жасалды дейді Ішкі істер министрлігі.

Айта кетейік, қазір еліміздің бас бостандығын шектеу орындарында 1 мың 300-дей шетел азаматы жазаларын өтеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы