426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ауыл» партиясы мен «Бірлік» партиясы бірікпейді

  • 102
«Ауыл» партиясы мен «Бірлік» партиясы бірікпейді

Бүгін бұл мәселе Ауыл партиясының кезектен тыс 17-съезінде қаралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауылдықтар бірауыздан бұл тиімсіз одақ болатынын айтты. Партия төрағасы Әли Бектаевтың айтуынша, ұсыныс биыл келіп түскен. Саяси кеңес президиумының шешімімен «Бірлік» партиясының қызметі мен бағдарламалық құжаттарын зерделеу бойынша жұмыс тобы да құрылған. Олар «Бірлік» партиясының еліміздің саяси-қоғамдық өміріне араласу белсенділігінің төмен екенін атап өтті.

Әли Бектаев, «Ауыл» демократиялық патриоттық партиясының төрағасы:

– Партиялардың бірігуі біздің партияның жарғысына сәйкес съезд деңгейінде қаралуы тиіс. Съезде сіздерге айтатын нақты ақпарат болу үшін біз осындай жұмыс тобын құрдық. Бұл тек бір адамның ұсынысы немесе пікірі болмасын деген мақсатта жұмысшы топ 3 ай көлемінде жұмыс жасады. Мониторинг жүргізді, барлығын бақылады.

Хабар 24 телеарнасы