429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында балалардың коронавируспен ауыру дерегі тіркелген жоқ

  • 143
  • UPD: 15:14, 09.09.2020
Қарағанды облысында балалардың коронавируспен ауыру дерегі тіркелген жоқ

Қарағанды облысында COVID-19-бен ауырып жатқан балалар жоқ.

Өңірдің бас рентгенологы «қауіпті індеттің екінші толқыны балаларға ауыр соғады екен» деген қауесетті жоққа шығарды. Мұхтар Әбілдиннің сөзінше, соңғы екі айда пневмониямен 34 бала ауырған. Бұл – өткен жылғы осы мерзіммен бірдей көрсеткіш. Барлық науқас томографиялық тексерістен өткен. Нәтижесінде пневмония коронавирустық емес, жедел респираторлық вирустық инфекциядан туындағаны анықталған.

Мұхтар Әбілдин, облыстың бас рентгенологы:

– Балалардың ағзасы коронавирустық инфекцияға шалдығуға бейім емес. Жұқтырған күннің өзінде қабынған өкпенің аз бөлігі ешқандай ем-домсыз оңай сауығып кетеді. Мұны әлемдік тәжірибе де көрсетіп отыр. Біздің облыста әлі күнге дейін бірде-бір бала ауырған жатқан жоқ. Сондықтан үрей тудыруға еш негіз жоқ.

 

Хабар 24 телеарнасы