426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында мемлекеттік қызметтің 82,9% автоматтандырылды

  • 142
  • UPD: 15:26, 09.09.2020
Алматы облысында мемлекеттік қызметтің 82,9% автоматтандырылды

Алматы облысы әкімдігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің 82,9% автоматтандырылған.

«Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру деңгейі 90%-ға жетеді», – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық Цифрлық технологиялар басқармасының хабарлауынша, Алматы облысының аймақтық геоақпараттық жүйесінің іске қосылуының нәтижесінде 16 мемлекеттік қызмет электронды форматқа көшірілген. Оның 10-ы жер қатынастары, қалған 6-ы сәулет және қала құрылысы салалары бойынша іске асырылған.

Бас жоспарларды, инженерлік желілерді облыстық маңызы бар қалаларда 100% цифрландыру жұмысы жүргізілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі 1 жылдан 30 күнге, ал сәулет және құрылыс саласында 100 күннен 10 күнге дейін қысқартылды. Сондай-ақ білім беру және спорт саласындағы 12 мемлекеттік қызметті автоматтандыру жұмысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру деңгейі 90%-ға жеткізіледі деп жоспарлануда.

Сонымен бірге мемлекеттік қызметтерді өз бетінше онлайн режимінде ала алмайтын тұрғындар үшін облыс орталығында 53 «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ашылды.

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша ақысыз курстарды ұйымдастыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда облыстағы халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі 83%-ды құрайды. Биыл тағы 10 мың адамды оқыту жоспарлануда. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 85%-ға жетеді.

Хабар 24 телеарнасы