420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда «Сергек» бейнебақылау жүйесі іске қосылады

  • 103
Атырауда «Сергек» бейнебақылау жүйесі іске қосылады

2019 жылдың сәуір айында Атырау облыстық мәслихат депутаттары Атырауда құны 10 млрд теңге тұратын «Сергек» бейнебақылау жүйесін орнатуға бірауыздан дауыс берді.

Сол жылдың жазда камераларды орнату басталған еді. Бұдан соң «Сергек» 2020 жылдың наурыз айында күшіне енеді деп хабарланды. Бірақ мерзім 18 мамырдан 1 маусымға дейін екі рет ауыстырылды.

Қазір Атырауда барлығы 2748 камера: жол қиылыстары мен желілік учаскелерде 204 кешен (1224 камера), 774 жалпы бақылау камерасы және 750 біріктірілген бұрылыс камерасы орнатылған.

Сауда орталықтарын және адам көп жиналатын басқа да жерлер де «Сергек» бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.

«Сергек» бақылау камерасы көшелердегі жол қозғалысы ережелері бойынша құқықбұзушылықтарды арнайы алгоритмдер көмегімен автоматты режимде компьютерге тіркейді. Бұл тәртіпбұзушылықтардың қатарына жылдамдықты арттыру, бағдаршамның тыйым салынған сигналында өту, тоқтау сызығына кіру, жол белгілері сызықтарының бұзылуы сынды әрекеттер жатады.

Хабар 24 телеарнасы