420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еңбек министрлігі: Зейнеткерлік жасты өзгерту туралы ақпарат жалған

  • 110
  • UPD: 16:04, 09.09.2020
Еңбек министрлігі: Зейнеткерлік жасты өзгерту туралы ақпарат жалған Otyrar.KZ

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылған Қазақстанда зейнеткерлік жастың өзгертілуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Бұл туралы ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Яғни қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ерлер үшін зейнеткерлік жас – 63 жаста, әйелдер үшін қазіргі уақытта 59,5 жаста басталады.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеткілікті жинақталған зейнетақы қаражаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары зейнетақы аннуитеті құқығын (зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін зейнеткерлікке шығу) пайдалана алады. Зейнетақы аннуитеті ерлер үшін – 55 жас, әйелдер үшін – 51,5 жас мөлшерінде белгіленген. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтар 50 жастан бастап зейнетақы аннуитетін пайдалана алады», – деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңда әйелдердің зейнеткерлік жасын 2018 жылдан 2027 жылға дейін 10 жыл ішінде, 6 ай сайын арттыру көзделгендігін де еске сала кетейік.

Дегенмен зейнеткерлік жастың ұлғаюы қазіргі уақытта зейнетақыны ерте алуға құқығы бар әйелдерге әсер етпейді. Ал олардың қатарына мына топтағы адамдар жатады:

– 5 немесе одан да көп бала туып (асырап алып), оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер – 53 жаста;

– Семей ядролық сынақ полигонының төтенше және ең жоғары радиациялық қаупі бар аймақтарында 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 5 жыл өмір сүрген әйелдер – 45 жаста.

Әйелдер үшін жұмыс істемейтін ананың балаларына күтім жасаған уақытын, бірақ әр бала 3 жасқа толғанға дейін, барлығы 12 жыл шамасындағы уақытын зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтіліне есепке алу бойынша жеңілдік сақталды.

Хабар 24 телеарнасы