428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде онлайн оқытуға арналған жаңа платформа әзірленеді

  • 168
  • UPD: 18:15, 09.09.2020
Елімізде онлайн оқытуға арналған жаңа платформа әзірленеді фото: vogazeta.ru

Үкімет онлайн оқытуға арналған жаңа платформаны әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отандық жүйе көп ұзамай мұғалімдер мен оқушылардың қолданысына беріледі. Министрлер кабинетінің өкілдері, осылайша, онлайн сабаққа кедергі келтіретін жағдайларды азайтпақ. Сол үшін жан-жақты қауіпсіз платформаны әзірлеуге күш салынып жатыр.

Айта кетейік, осы оқу жылы басталғалы бері «қазақстандық мектеп оқушылары порнографиялық видео көрді» деген ақпарат бірнеше рет тарады. «Бұған қашықтан оқуға арналған жүйелердің сапасыздығы себеп болған», - дейді кибер саладағы сарапшылар.

Хабар 24 телеарнасы