426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда белгісіз жаңа бактерия пайда болды

  • 236
  • UPD: 19:26, 09.09.2020

Пневмония және сепсис ауруларын тудыратын бактерия пайда болды.

Бұл туралы Клиникалық диагностикалық зертханалар желісінің директоры Алексей Балась айтты. Қазіргі атауы супербактерия деп аталады. Лабораторияда жүргізілген зерттеуге сенсек, қазір елімізде бактерияны өлтіретін препарат жоқ. Бір ғана дәрімен емдеуге болады. Бірақ ол Қазақстанда тіркелмеген. Тиісті талдау тапсырмайынша, ешбір адам ол кеселдің бойында бар екенін білмей жүре беруі мүмкін. Тек зертханаға талдау тапсырып қана әртүрлі аурудың алдын алуға болады. Бұл бактерия көп антибиотик қабылдаған адамдар арасында жиі кездесіп жатыр. «Себебі антибиотиктер бойдағы иммунитетті әлсіретіп, осы бактерияның өршуіне жол береді», - дейді мамандар.

Алексей Балась, «КДЛ Олимп» желісінің маркетинг және инновация жөніндегі директоры:

- Біз жүргізген зерттеуге орай бұл бактерияны жеңуге ешқандай дәрінің көмегі болмай тұр. Жалғыз дәрі бар, оның өзі Қазақстанда тіркелмеген. Сонымен қатар қазір адамдардың арасында бұл бактерия көбейгенін байқап отырмыз.

Айта кетейік, бактериологиялық талдауды республиканың кез келген медициналық мекемесінде тапсыруға болады. Алайда, қазір белгілі болғандай, кейбір дәрігерлер «пандемияның басында мұндай супербактерияның пайда болуы мүмкін» деп болжаған. «Көктемде антибиотиктерді жаппай тағайындау туралы шешім қате» деп те айтылған. Еуропа елдерінде антибактериалды препараттар өте сирек жағдайларда тағайындалады. Ал, біздің елде тұмауға да антибиотик тағайындап жатады. Дәрігерден осы бактерия турасында сұрап көрдік.

Анжела Ашихмина дәрігер-терапевт:

Өкінішке қарай, менде бұл сұраққа жауап жоқ. Бұл қарапайым дәрігерлер емес, Денсаулық сақтау министрлігінің проблемасы мен міндеті. Себебі, пандемия кезінде антибиотикті оңды-солды пайдалану елімізде осындай бактерияның пайда болуына әкелді.

Хабар 24 телеарнасы