426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да мемлекеттік кәсіпорын басшысы жемқорлықпен ұсталды

  • 127
  • UPD: 09:20, 10.09.2020
ШҚО-да мемлекеттік кәсіпорын басшысы жемқорлықпен ұсталды

ШҚО-да қылмыстық атқару жүйесі комитетіне қарасты «Еңбек-Өскемен» мемлекеттік кәсіпорны басшыларының бірі жемқорлықпен ұсталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі өкілдерінің хабарлауынша, ол орындалған жұмыс актілеріне еш кедергісіз қол қойғаны және сол актілер бойынша ақшалай аударым жасағаны үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып келген. Осылайша 10 млн теңгені қалтасына салған деген күдік бар. Қазір бұл дерекке қатысты тергеу шаралары басталды.

Жігер Байділдин, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Лауазымды тұлғаға қатысты тергеу соты мен күзетпен ұстау, бұлтартпау шарасы санкцияланды. Тергеу жалғасуда. Түпкілікті шешімді сот қабылдайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы