421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордадағы жедел жәрдем станциясы қымбат көлік сатып алмақ болған

  • 126
  • UPD: 18:49, 09.09.2020
Қызылордадағы жедел жәрдем станциясы қымбат көлік сатып алмақ болған

Елімізде мемлекеттік органдардың көлік пен жиһаз сатып алуына 3 жылға дейін мораторий жарияланғаны белгілі.

Ал, Қызылордадағы жедел жәрдем станциясы темір тұлпарды 9 миллион 700 мың теңгеге сатып алмақ болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік сатып алу порталына орналасқан бұл лотты сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы мониторингтік топ анықтап, мекеме басшылығына бюджет қаражатын тиімді жұмсауға қатысты ұсыныс білдірген. Бір қызығы, қымбат тұратын бұл көлік медициналық жедел жәрдем қызметіне арналмаған екен. «Жалпы биыл мемлекеттік сатып алуға жоспарланған тауарларды зерделеу барысында облыс бойынша мемлекет қазынасының 200 миллион теңгесі үнемделді», - дейді мамандар.

Бақытжан Ниязов, облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Медициналық қызмет көрсетуге арналған арнайы техника емес, бұл кәдімгі автокөлік, қызметтік бағытта пайдалануға мүмкіншілігі бар. Біз бұны «біржола алып таста» деп ұсыныс жасай алмаймыз. Қайта қарауды ұсындық. Соның нәтижесіне олар қайта қарап, тиісті шешім қабылдады.

Хабар 24 телеарнасы