421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропа футболы коронавирус індетінен 4 млрд еуро кірісінен айырылуы мүмкін

  • 129
  • UPD: 19:00, 09.09.2020
Еуропа футболы коронавирус індетінен 4 млрд еуро кірісінен айырылуы мүмкін фото: rus.err.ee

Індеттің кесірінен еуропалық футбол 4 млрд еуро кірісінен айырылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 90%-і футбол клубтарына тиесілі болмақ. Бұл туралы Еуропалық клубтар қауымдастығының басшысы Андреа Аньелли мәлімдеді. Себебі, індеттен стадиондар қаңырап, компаниялар ойындарға демеушілігін азайтқан. Телеарналар көрсетілмеген және өтпеген ойындар үшін жеңілдіктер мен өтемақылар талап етуде. Ал, әлемде ең бай клубтардың кірісінің жартысы осы ойындарды көрсетуден түседі екен. «Сондықтан көптеген клуб қаржылай дағдарысқа ұшырауы мүмкін», - дейді мамандар. Ойыншыларды сату және сатып алу 20-30%-ке азаяды деген болжам бар.

Хабар 24 телеарнасы