426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде карантин ережесін бұзған әкімнің орынбасарына айыппұл салынды

  • 153
  • UPD: 20:08, 09.09.2020
Өскеменде карантин ережесін бұзған әкімнің орынбасарына айыппұл салынды

Өскеменде карантин ережесін бұзған қала әкімінің орынбасарына қомақты айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тамыз айында шаһар әкімі орынбасарлары және бірнеше бөлім басшысымен бірге мәдени іс-шара өткізген. Олар қала әкімдігі ғимараты алдында өлең оқудан эстафета ұйымдастырған. Жоғары лауазым иелері шара кезінде бетперде мен қолғап киіп, әлеуметтік арақашықтықты сақтаған. Алайда, қала басшылығының бұл бастамасын кейбір қоғам белсенділері құп көрмей, «карантин ережесін бұзды» деп әлеуметтік желіде жарыса жар салды. Кейін қадағалаушы құзырлы органдар әкімдік қызметкерлерінің әрекетін құқықтық тұрғыда сараптай келе, заң бұзғанын дәлелдеді. Арнайы хаттама толтырып, бірнеше лауазым иесіне айыппұл салынды.

Бағлан Тауанова, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау депратаментінің баспасөз хатшысы:

- Жауапқа тартылған тұлғалар Өскемен қаласының әлеуметтік сала бойынша әкімнің орынбасары және Мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімінің басшысына әрқайсысына 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған болатын. Бір апта жедел төлеу мақсатында әрқайсысы 115 айлық есептік көрсетікштен төледі.

Хабар 24 телеарнасы