426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Айман Мұсақожаева: Білім беру жүйесіне жаңашылдық керек

  • 138
  • UPD: 21:06, 09.09.2020
Айман Мұсақожаева: Білім беру жүйесіне жаңашылдық керек

Білім мен мәдениетке қосқан үлес – балаларымыздың ертеңгі болашағы. Қазақстанның халық әртісі, Еңбек ері Айман Мұсақожаева осылай дейді.

Талантымен әлемге танылған профессордың айтуынша, пандемия білім саласын жаңғырту керектігін көрсетті. Балалардың болашағына алаңдаған скрипкашы праймеризге қатысуға бел буыпты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Білім беру жүйесін заман талабына сай жаңғыртпасақ, кәсіби білікті маман дайындау мүмкін емес. Әсіресе, цифрландыруды дамытып, жаңа технологиялар енгізу маңызды. Таланттар ұстаханасы – ұлттық өнер университетінің басшысы Айман Мұсақожаеваның ойы осындай. Тың идеясы мен озық ойы бар жастарды тәрбиелеу үшін ауыл мектептеріне жағдай жасау керек. Әлі күнге үш ауысыммен білім алып, ескі мектепте оқып жүрген бала көп.

Айман Мұсақожаева, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры:

- Білім беру жүйесінде проблемалар баршылық. 3 аусыммен жұмыс істейтін мектептер бар. Ауылда, елорданың өзінде де халық саны өсіп жатыр. Бұл бір жағынан қуантады. Бірақ бала саны өскен сайын мектеп пен балабақша тапшылығы сезіледі. Менің ойымша, білім беру жүйесі жаңғыруы тиіс. Қазіргі кезеңде білім мен медицинаның маңызды екені түсінікті болды. Жаңашылдық керек. Кейбір әдістемелерді бала түгілі ата-ананың өзі түсінбей жатады.

Профессор Мұсақожаева білім мен мәдениет саласын дамытуға үлес қосып, өзекті мәселелерді шешуге атсалыспақ. Өмірлік тәжірбиесі мен білім-білігі жетеді. Ол тәрбиелеген шәкірттер талантымен танылып, әлемнің әр түкпірінде еңбек етіп жүр.

Ержан құлымбетов, ҚҰӨУ Тәрбие ісі жөніндегі бөлімнің басшысы:

- Айман Қожабековна қазақ өнерін, университетті әлемге танытқан кісі. Менің ойымша, осы білім, өнер саласындағы бар проблемаларды осындай білікті ұстаз, маман Айман Мұсақожаева сияқты мамандар өз үлесін қосуы дұрыс деп ойлаймын.

Айман Мұсақожаева басшылық ететін университеттің 1000-ға жуық студенті халықаралық байқауларда лауреат атанды. Мұның бәрі сапалы білімнің нәтижесі. Университет ұстаздары қашықтан оқыту әдісін де меңгеріп алды. Әлемдік танымал музыканттармен онлайн дәріс өтеді. Ол үшін цифрландыру жүйесін дамытты.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Аят Дүйсебаев

Хабар 24 телеарнасы