420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдағы саяжай қоғамының тұрғындары шағымданды

  • 170
  • UPD: 11:04, 10.09.2020
Оралдағы саяжай қоғамының тұрғындары шағымданды

Оралдағы ірі саяжай қоғамының мүшелері жарық пен жолдың жоқтығына наразы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрамына 500-ге жуық учаске кіретін қоғамда 70 шақты отбасы жыл он екі ай тұрып жатыр. Автобус қатынамаған соң балалар да сабаққа бара алмайды. Су жиі тоқтап қалады. Қоқыс төгетін контейнерлер мүлдем жоқ. Бақша өсірушілер: «Жиналған қаржы мақсатты жұмсалмайды және қаржылық есеп жүргізілмейді», – деп налиды. Осындай олқылықтарды алға тартқан олар жергілікті билік пен құқық қорғау органдарына шағым түсірген. Айта кету керек, Оралда осындай 140 бау-бақша шаруашылығы бар.

Виктор Демидов, «Волна» саяжай қоғамының төрағасы:

- Жөндеу жұмыстарына 50 мың теңге бөлінеді. Көктемде жолды тегістетуге 48 мың теңге жұмсадық. Олар: «Есеп беріңіз», – дейді. Ол үшін ревизиялық комиссияның актісі бар. Жарғыға сәйкес бұл комиссия тек жиын алдында ғана есеп береді. Ал жиын жылына бір-ақ рет өткізіледі. Биыл пандемияға байланысты жиын әлі өткен жоқ.

Роза Санатова, «Волна» саяжай қоғамының мүшесі:

- Қоғамды 14 жыл басқарған кезде олар еш нәрсе істеген жоқ. Қала іргесінде тұрсақ та, жол жарамсыз, жарық жоқ. Электр бағаналары талапқа сай емес. Бухгалтерлік есеп күмәнді. Кассалық чек деген атымен жоқ. Сонда біздің қаржымыз қайда кетіп жатыр? Біз соны білгіміз келеді.

Хабар 24 телеарнасы