429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мектеп формасын өндірушілер айтарлықтай шығынға ұшыраған

  • 112
  • UPD: 10:05, 10.09.2020
Мектеп формасын өндірушілер айтарлықтай шығынға ұшыраған

Қазақстанда киім-кешек өндірісіндегі өнім көлемі азайған.

Биылғы қаңтар-шілде айларында киім-кешек өндірісі 22,3 млрд теңгені құрады, көрсеткіш 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3% өскен.

Дегемен өнеркәсіптік өндіріс индексі тек 98,7% құрады, бұл саладағы нақты өнім көлемінің төмендеуін көрсетеді. 2019 жылы өндіріс көлемі 42,3 млрд теңгеге жетті, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 19,8% артық, деп хабарлады energyprom.kz.

Аймақтар арасында киім өндірісінің ең көп көлемі Алматы облысында (4,9 млрд теңге), одан кейін Шымкент (3,3 млрд) және Алматы (3,2 млрд).

Шымкент қаласында (+40,4%), сондай-ақ Жамбыл (36,8%) және Қызылорда (32,8%) облыстары өткен жылмен салыстырғанда едәуір өсім көрсетті.

Бас киімдер өндірісін қоспағанда, киім өндірісі барлық сегментте азайған. Сондай-ақ сәбилерге арналған киім-кешек пен аксессуарлар өндірісі айтарлықтай төмендеді – 44%. Жемпір және басқа трикотаж бұйымдарының өндірісі 40,5% азайған.

Хабар 24 телеарнасы