431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды

  • 144
  • UPD: 10:48, 10.09.2020
Павлодар облысында бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды

Павлодар облысында 200 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды, деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының ЭТҚ көлеңкелі экономикамен күреске қайта бағыттау тапсырмасын іске асыру шеңберінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері «Қазына» жедел алдын алу іс-шарасы аясында облыстық прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, облыстың агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.

Павлодар облысының аумағында тіркелген шаруа қожалықтары Ресей Федерациясынан ірі қара мал сатып алу үшін «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында бюджеттен жалпы сомасы 233 млн теңгеге субсидия алғандығы анықталды.

Субсидиялар алу өтінімдеріне және ІҚМ сатып алу-сату шарттарына сәйкес 2018-2019 жылдары облыс агрокәсіпкерлері РФ кәсіпорындарынан «Герефорд» тұқымды 1447 бас ІҚМ сатып алып, Қазақстанға әкелген. Алайда РФ уәкілетті органдарының мәліметі бойынша, ІҚМ эскпорты қазақстандық бірқатар ШҚ-на қатысты жүзеге асырылмаған.

Тінту жүргізу барысында мөрлер (оның ішінде РФ уәкілетті мемлекеттік мекемелерінің мөрлері), кеңсе жабдықтары, ақша қаражаттары, бухгалтерлік және басқа да құжаттар тәркіленіп алынды.

Күдіктілердің әрекеті ҚР ҚК 190-бабы 4-б. сәйкес бағаланып, мүлкі тәркілене отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына тартылуы мүмкін.

Бүгінгі таңда күдіктілер 96 млн теңгеден астам сомада келтірілген залалды республикалық бюджетке өтеді. Тергеу амалдары жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы