420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы – Қостанай бағытындағы ұшақта 70 жастағы ер адам қайтыс болды

  • 180
  • UPD: 10:47, 10.09.2020
Алматы – Қостанай бағытындағы ұшақта 70 жастағы ер адам қайтыс болды

Алматы – Қостанай бағытындағы әуе рейсінде 70 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлады Tengrinews.kz.

«9 қыркүйекте сағат 17:34-те Қостанай станциясындағы желілік полиция бөліміне Алматы – Қостанай бағытындағы әуе рейсінде 70 жастағы ер адам кенеттен көз жұмды деген хабарлама келіп түсті. Өлімнің алдын ала себебі – созылмалы ауру», - деді ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы дерек бойынша тергеу басталды.

«ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат таратылмайды», - деді ведомство өкілі.

Fly Arystan әуе компаниясы ақпаратты растады.

«Расында да осындай жағдай болды. Жолаушы 70 жаста еді. Рейс кешігіп ұшып кетті», - деді әуе компаниясының баспасөз қызметінің өкілі Ләззат Нәбиева.

Хабар 24 телеарнасы