426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы тасжолды жөндеу жұмысы аяқсыз қалды

  • 231
  • UPD: 21:39, 10.09.2020
ШҚО-дағы тасжолды жөндеу жұмысы аяқсыз қалды

Омбы-Майқапшағай халықаралық тасжолын қайта жаңғырту жұмыстары сылбыр жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті кейбір бөліктерінде жұмыс мүлдем тоқтап қалған. Бұл туралы біздің арнаның тілшілеріне Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданының тұрғындары шағымданды. Олардың айтуынша, осы маңызды күре жолдың Қалбатау-Зайсан аралығындағы 415 шақырымын жөндеу осыдан 3 жыл бұрын басталған. Алайда құрылыс қарқыны биыл бәсеңсіп, шалғайдағы ауыл тұрғындары үшін қиындық тудырды. Уақытша салынған айналма жолдардың өзі ойқыш-ұйқыш. Шаңы аспанға шығып жатады екен.

«Ал жаңбыр кезінде тіпті берекеміз қашады», – деп налиды көкпектіліктер. Айта кетейік, жалпы құны 157 млрд теңге болатын бұл жоба «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы бойынша жүзеге асып жатыр. Бұған дейін Үкімет басшысы мердігерлерге құрылыс қарқынын арттырып, жыл соңына дейін 415 шақырымның барлығында қозғалысты ашуды тапсырған болатын.

Қайдар Асқарұлы, Көкпекті ауданының тұрғыны:

– Халық қиналып бітті. Шыдам әбден таусылды. Міне, жаз бойы түк те істелген жоқ. Олардың жұмысты қалай бітіретіні түсініксіз. Бұрынғы бар жолымызға зар болып қалдық. Бұрын нашар болса да, әйтеуір жол болған. Қыста да, көктемде де жүре алатынбыз. Қазір көліктердің үлкені де, кішісі де жүре алмайды. Жол бойы сынған көліктер, қиналған халық. Семей қаласына бұрын 2-3 сағатта барушы едік, қазір 6-7 сағатта әрең жетеміз. Соны ешкім керек қылмайды. Біреу қарап, тексеруі керек қой. Қыруар ақша қайда бөлініп жатыр? Жол неге жөнделмей жатыр?

Талғат Галиев, Көкпекті ауданының тұрғыны:

– Жөндеудің аяқталатын түрі жоқ сияқты. Неге жауып тастағанын, неге тоқтатқанын кім білсін? Ол белгісіз. Қысқа дейін бітпесе, көлік жүре алмайды. Халыққа өте қиын болады.

 

Хабар 24 телеарнасы