429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда әскерге шақыру науқаны басталды

  • 132
  • UPD: 14:41, 10.09.2020
Қазақстанда әскерге шақыру науқаны басталды

Қыркүйек пен желтоқсан аралығында әскерге шақыру науқаны жүргізіледі.

«Қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 12 ақпандағы №266 жарлығына сәйкес азаматтарды күзгі әскерге шақыру басталды. Жергілікті атқарушы органдар құрған медициналық және әскерге шақыру комиссиялары өз жұмыстарына кірісті. Қыркүйек пен желтоқтанға дейінгі аралықта қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар қатарына 17 мыңнан астам 18-ден 27 жасқа дейінгі ер азаматты әскерге шақыру жоспарланған», - деді ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов ОКҚ брифингінде.

Сондай-ақ әскерге шақырылғандарға ПТР тестілеу екі рет жүргізіледі. Біріншісі әскерге шақыру кезінде жиын пунктерінде, екіншісі жас буын әскери бөлімдерге келген кезде жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы