429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде полиция қызметкерлерін жұмысқа жаңа тәртіп бойынша алады

  • 181
  • UPD: 15:10, 10.09.2020
Елімізде полиция қызметкерлерін жұмысқа жаңа тәртіп бойынша алады Informburo.kz

2021 жылдың қаңтар айынан «Құқық қорғау органдары туралы» Заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер негізінен ішкі істер органдарына қызметке қабылдау тәртібіне қатысты.

Жаңа тәртіп бойынша ІІО-ына қатардағы, кіші және орта басшылық құрам лауазымдарына бастапқы кәсіби даярлау арқылы іріктеу тәртібі оңайланып, конкурсты және сынақ мерзімін алып тастау жолымен қызметке қабылдау мерзімі қысқарады.

Сондай-ақ ішкі істер органдарының басшыларына қойылатын талаптар да қатаңдатылды.

Қызметке қабылдаудың жаңа тәртібі ІІМ Кадр саясаты департаменті ұйымдастырған арнайы семинар барсында түсінідірілді. Бұл семинарға ІІО-ның өңірлік департаменттер басшыларының кадр саясатын жүргізетін орынбасарлары және ІІМ, ТЖК, ҚАЖК, МКҚБ білім ұйымдары басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ кадр бөлімшелерінің жеке құрамы қатысты.

ІІО-ына қызметке қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі. Бірақ бұл тәртіп бастапқы кәсіптік даярлықтан өткендерге қолданылмайды.

Конкурстық негізде:

1.Қызметке конкурстық негізде қабылдау орта және жоғары басшылық құрам лауазымдарына жүргізіледі.

  1. Тағылымдама 1 айдан кем емес.
  2. Тағылымдама аяқталған соң үміткер сынақ мерзімімен лауазымына тағайындалады. Басшылық қызметке тағайындалатын адамдарға сынақ мерзімі белгіленбейді.

Бастапқы кәсіби дайындық арқылы:

  1. Бастапқы кәсіби даярлық арқылы қызметке қабылдау қатардағы, кіші және орта басшылық құрам лауазымдарына жүзеге асырылады.
  2. Бастапқы кәсіптік даярлыққа қабылдау туралы бұйрық тыңдаушыны тағылымдамадан өтуші ретінде қабылдауға негіз болып табылады.
  3. Бастапқы кәсіби даярлық аяқталғаннан кейін бір ай көлемінде сынақ мерзімі белгіленбестен лауазымға тағайындалады.

«Қазіргі уақытта полиция жұртшылықпен тығыз өзара байланыс жасаудың жаңа форматына көшу қажет. Жаңа форматта көрсетілген талаптар әрбір полиция қызметкеріне тұрғындармен ашық әңгіме жүргізуге үйренуі міндетті екенін білдіреді. Кадрларды даярлау және іріктеу жүйесіндегі осындай ұстанымдарға басымдық берілуі тиіс», - деп атап өтті ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы Айдар Сайтбеков.

Ақпарат көзі: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы