420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыл-аймақта дәріхана мен аурухана тапшы

  • 82
  • UPD: 17:23, 10.09.2020
Ауыл-аймақта дәріхана мен аурухана тапшы

Ел ауылдарында дәріханалар мен амбулаториялар тапшы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін Сенат депутаты Әли Бектаев мәлімдеп, Премьер-Министр атына сауал жолдады. Оның айтуынша, сенаторлар мен еріктілер жаз кезінде 200-ге жуық елді мекенді аралап, медицина саласында көптеген олқылық бар екендігін анықтады. Мәселен, жергілікті фельдшерлік-акушерлік пунктілердің материалдық жағдайы нашар болып шықты. Олар ауыл тұрғындарын қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ете алмай отыр. Осы орайда Бектаев халық саны 3 мыңнан асатын әрбір елді мекенде өзінің дәріханасы, жедел жәрдемі мен перзентханасы бар ауруханаларды тез арада қалпына келтіруді ұсынды. Қажет болған жағдайда көшпелі дәріханаларды да ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылуы керек.

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Қазақстан бойынша 1991 жылдан бері істеп тұрған 144 ауылдық аурухана соңғы 10 жылда 2,5 есеге азайып, бүгінгі таңда 60-ты құрап отыр. Ақмола, Түркістан, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауылдық ауруханалар мүлдем қысқарып кеткен. Ауылдағы фельдшерлік-амбулаториялық бекеттердегі мамандардың кәсіби деңгейі төмен. 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету деңгейі қалаларда 56,3% болатын болса, ауылдық жерлерде 16,5% ғана құрайды.

Хабар 24 телеарнасы