424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында пара алған әкім қызметінен кетуге өтініш берді

  • 156
  • UPD: 18:06, 10.09.2020
Атырау облысында пара алған әкім қызметінен кетуге өтініш берді

Атырау облысына қарасты Құрманғазы ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Өркен Тәжібаев пара алып, алаяқтық жасағаны үшін сотталды.

Оған 2 млн 750 мың тг көлемінде айыппұл салынған. Былыққа белшесінен батқан экс-орынбасар енді мемлекеттік қызметке де орналаса алмайды. Билігін асыра пайдаланған ол өндірістік кооперативтердің біріне 500 мың теңге шығын келтірген. Әрі кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқан. Сондай-ақ аудандағы мұқтаж отбасылар үшін медициналық маска сатып аламын деген сылтаумен кәсіпкерлерден 125 мың тг алып, өз пайдасына асырыпты.

Енді аудан әкімі бұрынғы орынбасарына қатысты жемқорлық жанжалынан кейін қызметінен кетуге өтініш берген. Оның жұмыстан кету-кетпеуін енді облыс басшысы шешеді.

Айдос Мамыт, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Енді Атырау облысының әкімі күнтізбелік 30 күннің ішінде осы арызды қабыл алып, не жұмыстан босатады,не қалдырады. Қызметінде қалдырған жағдайда міндетті түрде тәртіптік жауапкершілікке тарту керек болады.

Хабар 24 телеарнасы