429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев СҚО-да оңтүстік аймақтан көшіп келген тұрғындармен жүздесті

  • 130
  • UPD: 18:55, 10.09.2020

Президент бүгін Қостанайдан соң Солтүстік Қазақстан облысына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қасым-Жомарт Тоқаев әуелі егін алқабына табан тіреді. Бұл «Аби-жер» аталатын серіктестік жері. Қазір науқанның қызған шағы. Егіннің шығымы жаман емес. Өңірдегі орташа шығымдылық – 14 жарым центнер. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысы республикада минералды тыңайтқыштарды енгізу бойынша көш басында. Ауыл шаруашылығында техникалары жаңа. Облыста соңғы 3 жылда 1400 жуық техника алынған. Мұның шарапаты биыл тиді. Себебі жаз жаңбырлы бола қоймады. Осы тыңайтқыш пен жаңа техниканың арқасында диқандардың еңбегі еш кетпеді. Осы күні облыс бойынша егіс алқабының 75 проценті орылған. Шаруалармен кездескен кезінде Президент облыста ауылшаруашылық техникасын шығаратын неміс компаниясының тиімділігін де атады. Алдағы уақытта шаруалар зауыттан техникаларды 50 проценттік жеңілдікпен ала алады.

Егінді аралап, диқандармен жүздескен соң Президент Чапаев ауылына келді. Бұл жақта Мемлекет басшысы оңтүстік аймақтан көшіп келген тұрғындармен жүздесті. Былтыр облыстың елді мекендерінде 420-дан аса үй салынған. Биыл тағы 790-ға тарта баспана бой көтереді. Ауылдардағы құрылыс үш жылда екі есеге өскен. Былтыр өңірге 736 отбасы көшіп келді. Биыл тағы 700 жанұя қоныс аудармақ. Келгендердің бәріне үй беріледі. Тұрғындар бұл баспананы 5 жылдан соң жекешелендіріп ала алады. Жұмыс та табылады. Бұл ағайын оңтүстіктен неге көшіп келгенін айтайық. Екі жылдан бері облыста пилоттық жоба жүзеге асып жатыр. Мақсат – жұрт тығыз орналасқан, жұмыс күші көп аймақтан жұмыс күші аз солтүстікке адам көшіру. Сөйтіп халықтың еңбек етуіне жағдай жасау.

Хабар 24 телеарнасы