420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: әскери бөлімдерде санитарлық шаралар күшейтілді

  • 74
COVID-19: әскери бөлімдерде санитарлық шаралар күшейтілді

Елімізде биыл күзде әскерге 17 мыңнан астам азамат шақырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов осылай деді. Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар құрған медициналық және әскерге шақыру комиссиялары өз жұмыстарына кірісті. Қыркүйектен желтоқсанға дейінгі аралықта Қарулы күштер және басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар қатарына 17 мыңнан астам ер азаматты әскерге шақыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ ол эпидемиологиялық ахуалға байланысты сақтық шараларының күшейтілгенін айтты.

Сәкен Жүсіпов, ҚР ҚК БШ ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы:

– Қазақстан Қарулы күштерінде коронавирус инфекциясының алдын алу және оның таралуына жол бермеу шаралары жүзеге асырылады. Қорғаныс министрлігінің тапсырмасы бойынша әскерге шақыру және жиын-пункттерінде, Қарулы күштердің әскери бөлімдерінде санитариялық-эпидемиологиялық шаралар күшейтілді. Оның нәтижесінде әскери ортаға коронавирустың жаппай таралуына жол берілген.

Хабар 24 телеарнасы