420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өрт қауіпсіздігі: жылу маусымы қарсаңында жаппай тексеріс басталды

  • 106
  • UPD: 20:33, 10.09.2020
Өрт қауіпсіздігі: жылу маусымы қарсаңында жаппай тексеріс басталды

Соның арқасында арнайы мамандар 60 мыңнан аса олқылықты анықтаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде ішкі стер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді. Алдын алу шараларының маңызы зор. Сондықтан пеш жағу басталмай тұрып, адамдарға дұрыс ақпарат пен қауіпсіздікке қатысты ескертпелер жасалып жатыр. Соңғы бір ай көлемінде 556 жиын өткізілген. Оған 10 мыңнан аса жергілікті түрғындар қатысты. Бұған қоса, әкімдікпен бірлесе отырып 45 мыңнан аса үй тексерілді. Ал нұсқама алғандар саны 200 мыңнан асады деді министрдің орынбасары.

Юрий Ильин, ҚР ішкі істер министрінің орынбасары:

– Әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарды, әсіресе, жалғызбасты не мүгедек жандардың жағдайын және алдағы қысқа дайындығын білдік. Біздің есепте шамамен 120 мыңнан аса үй бар. Анықталған олқылықтардың басым бөлігі электр желілері мен жылыту құралдарына байланысты. Бұған қоса, автономды жылыту жүйесіне қатысты кемшін тұстар көп.

Хабар 24 телеарнасы