426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысы тұрғындарының 11% тұмауға қарсы екпемен қамтылады

  • 135
Қостанай облысы тұрғындарының 11% тұмауға қарсы екпемен қамтылады Российская газета

Қостанай облысы тұрғындарының 11 процентіне тұмауға қарсы екпе салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауруға бейім адамдарды көбірек қамту үшін қосымша вакцина алынатын болды. Биыл өңірге Ресейден 96 мың препарат жеткізіледі. Бұл өткен жылға қарағанда, біршама көп. Әдеттегідей вирустың үш түріне қарсы екпе жасалады. Балалар мен созылмалы дертке шалдыққан қарт кісілер, жүкті әйелдер мен медициналық қызметкерлер, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен интернат тәрбиеленушілері екпені тегін алады. Вакцинация өңірдің ірі өндіріс орындарында да өтеді.

Гүлім Досымова, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы:

– Жұмыс берушілер вакцинаны сатып алып, өз қызметкерлеріне тегін екпе жасатады. Бұл халық денсаулығын қорғауға қосқан зор үлес деп білемін. Алғашқы транш 35 мың препарат облысқа келіп түсті. Оның бәрі емханаларға таратылып, қазір тұмауға қарсы егу басталып та кетті.

Хабар 24 телеарнасы