420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстауда кинотеатрлар жабылудың алдында тұр

  • 103
Маңғыстауда кинотеатрлар жабылудың алдында тұр AdIndex

Коронавирус кинотеатр иелері үшін де қатты соққы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дағдарысқа шыдамаған маңғыстаулық кинотеатрлар жабылудың алдында тұр. Кәсіпкер Данияр Айсаның Ақтау мен Жаңаөзен қаласында 5 бірдей кинотеатры бар. Барлығы да 6 айдан бері жабық. Жарты жылда 400 млн теңгеге жуық шығынға батқанын айтады. Бастапқыда 1-2 айда қайта ашылар деген үмітпен жұмысшылардың 2 айлық жалақысын төлепті. Маусымнан бастап қызметкерлерді белгісіз уақытқа дейін ақысыз демалысқа жіберген. Барлық салықтан босатса деген өтінішпен жауапты министрлікке хат жазыпты.

Данияр Айса, кинотеатрлар желісінің директоры:

– 13 наурызда жұмысымызды тоқтаттық. Содан бері ашылып қалар деген үмітпен әлі күтіп жүрміз. Ай сайын ғимаратты жалға берушілерден жеңілдік сұраймыз. Олар да бізге бергеннен көрі ол жерді бұйым сататын дүкендерге бергенді тиімді көріп отыр. Бұлай жалғаса берсе, жабыларымыз анық. Ең болмаса 50 процент көрерменді қабылдауға рұқсат берсе деген тілегіміз бар. Барлық санитарлық талапты сақтай отырып, жұмыс істер едік.

Хабар 24 телеарнасы