426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында ауқымды әскери оқу-жаттығу өтті

  • 154
Маңғыстау облысында ауқымды әскери оқу-жаттығу өтті

Маңғыстауда бірыңғай жоспар бойынша әскери-теңіз күштері мен теңіз жаяу әскерлерінің бригадалық тактикалық жаттығуы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаттығу барысында арнайы бөлімшелер дағдарыс ауданындағы шартты қарулы қақтығысты шешу бойынша тактикалық атыс іс-қимылдарын орындады. «Бекет-2020» ведомствоаралық кешенді оқу-жаттығуы шеңберіндегі іс-шараларға басқа мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері тартылды. Әскери қызметшілер армиялық тактикалық атыс жаттығуларын орындау барысында суық қаруды, пышақ пен сапер күректі қолдана отырып, қарсыласты жеңуді жүзеге асырды. Мұндай іс-қимыл жауынгерлерден тек сенімді кәсіби дағдыларды ғана емес, жеке құраммен тұрақты негізде өткізілетін арнайы психологиялық дайындықты да талап етеді. Оқу-жаттығудың белсенді кезеңін Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев пен Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрмов қадағалады. Олар жауынгерлердің кәсібилігіне, Қарулы Күштер бөлімшелері мен басқа да мемлекеттік органдардың өңірдегі дағдарыстық жағдайды жою жөніндегі іс-қимылдарының үйлесімділігіне жоғары баға берді.

Сәкен Бекжанов, ҚРҚҚ ӘТК бас қолбасшысы:

– Бұл оқу-жаттығулар бізде тұрақты өтеді. Өткен жылы Ресей Федерациясының Каспий флотымен бірлесіп өткізілді. Биыл өкінішке қарай пандемияға байланысты олар бұл жаттығуды өткізе алмады, сондықтан біз өзіміз ұйымдастырдық. Жиынға Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің Жағалау күзетінің корабльдері де тартылды.

Хабар 24 телеарнасы