429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-дағы Борық елді мекенінің тұрғындары ауыз судан тарығып отыр

  • 167
  • UPD: 23:10, 10.09.2020
БҚО-дағы Борық елді мекенінің тұрғындары ауыз судан тарығып отыр Egemen.kz

«Адам түгілі, мал ішетін су қалған жоқ» деп шыр-пыр болған жұрт жергілікті биліктен мәселенің тездетіп шешілгенін талап етеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір небәрі 35 үй қалған ауылға Фурман каналынан келетін су тартылып, соңғы айда мүлде келмей қалды. Бұрын бұл каналға су Жайық-Көшім ирригациялық желісі арқылы жететін. Аудан басшылары каналға су тамыз айында жіберілгенін, алайда қысым төмен болғандықтан, ауылға әлі жетпей жатқанын айтады.

Нағима Қадырова, борық ауылының тұрғыны:

– Қазір судың тапшылығы көп болып жатыр. Құдықтың да суы азайып жатыр. Ешқандай жағдайымыз жоқ. Ауылға су осы каналмен келеді.

Асқар Мұқамбетжанов, Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары:

– Су беріліп жатыр. Қазір ауылға су 2-3 шақырымдай жетпей тұр. Себебі артындағы «Дөңгелек» су қоймасының да деңгейі түсіп кетіп, суда қысым болмай тұр. Он шақты күнде, 15 күнде келіп қалу керек.

Хабар 24 телеарнасы