420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында тұмауға қарсы егу шаралары басталады

  • 96
  • UPD: 08:45, 11.09.2020
Ақтөбе облысында тұмауға қарсы егу шаралары басталады фото: inform.kz

Ақтөбе облысында тұмауға қарсы егу шаралары биыл әдеттегіден ерте басталатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұның себебін медицина мамандары COVID-19 вирусымен байланыстырып отыр. Бұрынғыдай диспансерлік есепте тұрған созылмалы жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жолдары ауруына шалдыққан азаматтар, жүкті әйелдер, сәбилер үйінің тәрбиеленушілері және медицина қызметкерлері тегін егілетін болады. Ал, өзгелер үшін ақылы. Бағасы 1500 бен 2000 теңге аралығында.

Тұмауға қарсы вакцинаны өңір көрші Ресейден сатып алып жатыр. Оған облыс бюджетінен 68 млн теңге бөлінген. Шамамен 100 мыңға жуық вакцина алынады. Еске сала кетейік, өткен бір жылда 220 ақтөбелік тұмаумен науқастанған.

Бекболат Ізбасаров, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Бұл жылдың ерекшелігі – тұмаумен, коронавируспен бірге қосылып ауырған науқастарға жағымсыз әсерлері жоғары болуы мүмкін. Сондықтан біз тұрғындарымызды тұмауға қарсы егілуге шақырамыз. Өзінің мекенжайы бойынша емханаға барып ала алады.

Хабар 24 телеарнасы