426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде коронавирустан 4 мыңнан астам адам емделіп жатыр

  • 130
Елімізде коронавирустан 4 мыңнан астам адам емделіп жатыр

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4596 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Олардың арасында 34 бала бар. Стационарларда 2523 науқас жатыр, 2073 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

«Жалпы науқастардың арасында 137 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген ДСМ хабарласында.

Хабар 24 телеарнасы