424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында 5 000 теңгелік ақшаны қолдан жасап келген азамат ұсталды

  • 142
  • UPD: 10:06, 11.09.2020
Алматы облысында 5 000 теңгелік ақшаны қолдан жасап келген азамат ұсталды Almaty.tv

Алматылық азамат Алматы облысы аумағында жалпы номиналы 5 000 теңге болатын жалған ақша қаражатын өткізген.

«ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 1988 жылы туған ҚР азаматына қатысты жалған купюраларды дайындау, сақтау, тасымалдау және сату бойынша қылмыстық іске тергеу жүргізді», ­– делінген ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Тергеу барысында Алматы қ. тумасы Алматы облысы аумағында жалпы сомасы 1 млн теңгеден асатын номиналы 5 000 теңге болатын жалған ақша қаражатын өткізгені анықталды.

Сот үкімі бойынша айыпталушы қылмысты жасағаны үшін ҚР ҚК 231 бабының 1 т. сәйкес кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы