431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Достық үйінде «MAMA» фотокөрмесі ашылды

  • 158
  • UPD: 14:58, 11.09.2020
Достық үйінде «MAMA» фотокөрмесі ашылды Елорда әкімдігі

Достық үйінде Отбасы күніне орай «Мама» фотокөрмесінің тұсауы кесілді. Көрмеде 24 батыр ананың суреті қойылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осындай туындылармен жетістікке жеткен әйелдердің бейнесін үлгі ету көзделген. «Ана бір қолмен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген қағиданы басты ұстанымға айналдырдық», - дейді ұйымдастырушылар. Бұл суреттерді салыстыра келе, қазақстандық қоғамның сан қырлылығы мен бірегейлігін сезінуге болады. Әр этностың салт-дәстүрлері арқылы көрінеді. Сондай-ақ аналар кеңесінің төрт мүшесі «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды.

Сәрсенкүл Зиявдинова, көп балалы ана:

- Біз Аналар кеңесінде еңбек атқарып келе жатырмыз. Кейбіреулеріне материалдық және рухани жағынан көмектесеміз. Еңбегімді бағалағанға рақмет айтамын. Барлық отбасында осындай қуаныш бола берсін.

Жобаға қатысушылардың бірі – 92 жастағы Роза Долгиева. Ол Кавказдан халықтардың жаппай қоныс аударуы кезінде Қазақстанға келген. Батыр ана 7 баланы тәрбиелеген. Оның 24 немересі, 39 шөбересі және 1 неменесі бар.

Роза Долгиева, көп балалы ана:

- Бізді қазақтар құшақ жая қарсы алды. Ол заман өте ауыр еді. Бізді неге жер аударғанын әлі күнге дейін түсінбедім. Барша қолдаған қазақ халқына алғысым шексіз.

Хабар 24 телеарнасы